Анонс


«Венгер өнер шеберлерінің тарихы» атты көрме ашылады

Сәрсенбі, 06 Қаңтар 2016 10:53
«Венгер өнер шеберлерінің тарихы» атты көрме ашылады KAZMUSEUM.KZ -  

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде КОГАРТ венгер Арт-қоры мен Алматыдағы Венгрия Бас консулдығы бірлесіп ұйымдастырған «Венгер өнер шеберлерінің тарихы» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Қазіргі заманғы Венгрия  – Орталық Еуропадағы тарихи тамыры тереңге кеткен өнерге жаны құштар жоғары мәдениетті ел. Бүгінгі күні Будапеште 80-ге тарта музей мен 100 шақты жеке көрме залдары мен галереялар бар. Заманауи венгер өнерінің аса ірі жинақтамасы Габор Ковач қорынікі.

КОГАРТ қоры жыл сайын 8-10 ірі көрме өткізіп тұрады. Венгрияның өзінде 100-ден аса көрме болса, Болгария, Ресей, Қытай, Италияда бірнеше халықаралық көрме ұйымдастырылды. Ал 2016 жылы қаңтар айында Қазақстанда өткізеді. Алматы қаласындағы Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Габор Ковач қоры ұйымдастырған «Венгер өнер шеберлерінің тарихы» көрмесі Лайош Салаи, Тибор Чернуш, Жужа Перели, Мартон Такач, Иштван Орос, Миклош Боршош, Имре Кэри, Петер Пруткаи, Жофия Варга, Рита Kешеяк, Рита Коралевич сынды басқа да венгер суретшілерінің көптеген қызықты туындыларын ұсынады.

Көрме 2016 жылы 8 қаңтарда сағат 16.00-де ашылады.

5033 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper