Анонс


Қазақстан Президентіне сыйға берілген сағаттар коллекциясы көпшілік назарына ұсынылды

Сәрсенбі, 23 Желтоқсан 2015 16:05
Қазақстан Президентіне сыйға берілген сағаттар коллекциясы көпшілік назарына ұсынылды KAZMUSEUM.KZ -  

Астанадағы ҚР Тұңғыш Президенті музейінде «Уақыт құдіреті» көрмесі ашылды. Алғаш рет музей жинақтарынан сағаттардың коллекциясы көпшілік назарына ұсынылып отыр.

Көрмені шын мәнінде бірегей әрі сирек деп айтуға болады, өйткені экспозицияда сағат жасау өнерінің биік шыңына жеткен 60-тан астам әр түрлі және сирек кездесетін туындылар ұсынылады. Коллекцияның негізін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті музейіне мемлекеттік сақтауға берілген Нұрсұлтан Назарбаевқа әр жылдарда табыс етілген дипломатиялық сыйлықтар құрайды.

Ерекшелігіне қарай, көрмеге қойылатын жәдігерлер арасында механикалық, кварцты және электронды сағаттар, сыйға берушілердің арнайы тапсырысымен жасалғандар, ХІХ ғасырдан сыр шертетін антикварлық және басқа да көптеген сағаттар бар. Коллекцияда қалта, қол, үстел, қабырға, каминдік және еденге қойылатын сағаттар топтамасы ерекше көз тартады.

«Бұл экспозицияның ҚР Тұңғыш Президенті музейінің 2015 жылғы көрме маусымын аяқтауына сәйкес келуі бекер емес. Өйткені, уақыт жайлы ойлануға және оның соншалықты жылдамдығына бір сәтке көз жүгіртіп, жылды қорытындылауға мүмкіндік береді. Көрме мерекелік шаттық көңілді бірге бөлісуге және барлық қонақтарға жаңажылдық көңіл-күй сыйлайды», - дейді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, көрме 2016 жылдың 31 қаңтарына дейін жалғасады.

2081 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper