
Super User
Желтоқсан айының алғашқы аптасында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Эрмитаж күндері» өткен болатын. Ресейлік қонақтар және ИКОМ Қазақстан Ұлттық комитетінің шақыруымен мемлекетіміздің барлық музейлерінен келген мамандардың қатысуымен болған бұл халықаралық іс-шара барысында көптеген дискуссиялар, пікір алмасулар, мастер-кластар өтті.
Шымкентте ұзындығы мен ені жарты метр болатын шоколад құйылды. Оны миллиондар қаласына Ресей, Украина, Беларусь кондитерлері тарту етті.
«Ежелгі Тараз» археологиялық саябағында қазба жұмыстары жалғасуда
«I - XIX ғасырлардағы Ежелгі Тараз» қалашығы аумағында археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жеңіс туының көшірмесін музейге тапсыру салтанаты өтеді
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Ұлттық музейге сый тарту» акциясы аясында жиналған жәдігерлердің көрмесі ашылады.
Әскери-тарихи музейдің экспозициялары көпшілік назарына ұсынылды (ФОТО)
Бүгін Астанада жаңадан ашылған Әскери-тарихи музейдің экспозициялары көпшілік назарына ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Айыртау ауданының Сырымбет ауылында Шоқан Уәлихановтың әжесі, Айғаным ханшайымның мазары ашылды. Бұл туралы аталған өңір басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.
Қазақстан музейлері археологиялық және ғылыми-зерттеу орталықтарына айналуы тиіс
Қазақстан музейлері жәдігерлер қойылатын орын ғана емес, ғылыми-зерттеу орталықтары ретінде қалыптасуы қажет. Бұл туралы бүгін Қазақстанда Эрмитаж күндерінің ашылуына арналған баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт министр Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан мен Ресей арасында ортақ музей кеңістігі құрылатын болады
Елімізде желтоқсанның бірінен бастап «Эрмитаж күндері» өтіп жатқаны белгілі. Мұндай шаралар екі ел арасындағы ортақ музей кеңістігін қалыптастыруға септігін тигізеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Бүгін Елбасы – Жоғарғы Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада еліміздің тарихындағы тұңғыш Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейін ашты, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елбасы Астанадағы Әскери-тарихи музейдің экспозицияларын аралап көрді
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының ежелгі заманнан бүгінге дейінгі әскери дәстүрі мен мәдениетінің даму тарихын таныстыратын сирек әрі бірегей экспонаттар қойылған Әскери-тарихи музейдің экспозицияларын аралап көрді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.