Анонс


Ақтөбе әкімдігі облыстық музейдің құрылысына 198 миллион теңге бөлді

Дүйсенбі, 22 Ақпан 2016 14:04
Ақтөбе әкімдігі облыстық музейдің құрылысына 198 миллион теңге бөлді KAZMUSEUM.KZ -  

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында салынады. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында белгілі болды. Бюджеттен құрылыс жұмыстарына 198 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

«Музей 1950 жылы салынған. Апатты деп танылып, қазір жабық тұр»,- дейді Р.Айдашева.

Тарихқа үңілсек, екі қабатты музей алғаш кезде қонақ үй болған екен. Мұнда қазір 130 мыңнан астам тарихи жәдігер бар. Музей өткен жылдың қаңтар айынан бері қала тұрғындары мен қонақтарға қызмет көрсетпей тұр.

2167 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper