Дәріске қатысушыларға «Ұлы Дала елі» – ұлттық біртектілікті қалыптастыру» тақырыбында дәріс оқылды. Қалыптасу жылдарынан 25 жыл жүріп өткен еліміз тарихы, мемлекеттік рәміздер, Қазақстан экономикасының өркендеуі, жетістіктері, дамыған отыз ел құрамына кіру жайындағы идеялар – негізгі әңгіменің арқауы болды. Сонымен қатар, Жезқазған қаласындағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері өздерінің жетістіктері жайлы ойларын ортаға салып, ойларымен бөлісті.
Музейлік дәріске Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің директоры Зинаида Чумакова жетекшілік етті. Қатысушылар назарына «Ризамын достар», «Жасай бер Қазақстан», «Елім менің» және «Атамекен» бейнеклиптері ұсынылды. Музей қызметкері, ақын Татьяна Вед «Қазақстан» атты өлеңін оқыды. Дәрістен соң қонақтар назарына арнайы экскурсия жүргізілді.
Іс-шараға Жезқазған, Сәтбаев қалаларының этномәдени бірлестіктері мен БАҚ өкілдері, музей достары, қызметкерлері қатысты.