Қаламгердің өмірі және шығармашылық жолын насихаттау, жастарды үлгі өнеге алуға баулу, көркем әдебиетке деген қызығушыларын арттыру – кештің негізгі мақсаты болды.
Кеш Абай музейінің директоры Б.Жүнісбековтің «Қаламгер Медеу Сәрсекенің «Қазақтың Қанышы» роман-эcсесі хақында» баяндамасымен ашылып, дәйекті әңгіме өрбіді.
Б.Жүнісбеков қаламгер Медеу Сапаұлына құрмет көрсетіп, музей атынан Абай қорық-музейінің арнайы «Абай» медалімен марапаттап, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты.
Шара барысында абайтанушы, аудармашы М.Сұлтанбеков, тарихшы, алаштанушы С.Тәбәрікұлы, Абай атындағы музыкалы-драма театрының әртісі С.Әшімбекұлы жазушы өмірінің маңызды тұстары, шығармашылығы жайлы сыр шертті.
Әдеби-танымдық кеште белгілі әншілер Б.Омаров, А.Стамбекова өз өнерлерін ортаға салып, музей жанынан ашылған «Абай» өнер мектебінің шәкірттері арнауларын оқыды.
Кешке Семейдің зиялы қауым өкілдері, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, бұқаралық ақпарат өкілдері, студенттер қатысты.