Көрмеге Сырлыбек Бекботаевтың «Қызыл Фильтр» фотосуреттер топтамасы, туған жер тыныштығы мен қорғанысының кепілі ретінде жасалған «Сылдырмақ» атты қазақ бесігі қойылды. Бесік Айнұр Сәденованың «Аналар зираты» жұмысымен үндесіп жатыр. «Аналар зираты» – Қарағанды облысының Долинка поселкесі жанындағы балалар зиратының жалпылама атауы. Онда 2000-ға жуық сәби жерленген. Ал, Алмагүл Меңлібаева көрмеге жиналған қауымға «Шанель N5» деп аталатын туындысын ұсынды.
Сонымен қатар, көрсетілім барысында заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Дулатбековтің жетекшілігімен жарық көрген ҚАРЛАГ жайлы кітаптар топтамасы ұсынылды.
Айта кетейік, іс-шараға Парламент депутаттары, Иран, Украина, Тәжікстан, Беларусь, Түркия, Венгрия, Литва мемлекеттерінің Төтенше және өкілетті елшілері мен қоғам қайраткерлері өз ойларын ортаға салып, ұлт зиялыларының ұрпақтары естеліктерімен бөлісті.