
Super User
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған экспозиция ашылды
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақстан Тәуелсіздігі» экспозициялық залы ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz музей әкімшілігіне сілтеме жасап.
"Музейдегі түн" Алматыдағы Орталық музейде биыл жылдағыдан ерекше өтпек
Алматыдағы Орталық музейде 2016 жылдың 18 мамырында сағат 10.00 -ден түнгі 22.00 -ге дейін «Музей түні» іс-шарасын өтеді. Бұл шара Музейлер күні мен Алматының 1000 жылдығына арналған. Осы күні Музей өзінің келушілеріне тарихи-мәдени құндылықтар әлеміне ғажайып саяхаттар ұсынады, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.
Астанада «Петербург періштелер көзімен: Исаакийден көзқарас» және «Жаңа көзқарас. (New Vision)» көрмелері ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.
Ұлттық музейде «Музейдегі түн-2016» акциясы өтеді
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 18 мамыр күні сағат 18:00-01:00 уақыт аралығында Музей күніне орай «Музейдегі түн-2016» акциясы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.
«Словарь терминов» және «Искусство палеолита Евразии» ғылыми еңбектерінің тұсаукесері өтті
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде жаңадан жарық көрген «Словарь терминов» және «Искусство палеолита Евразии»ғылыми еңбектеріне арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.
Тарихи ескерткіштерді қорғау тек археолог мамандардың міндеті емес
Ашық аспан астындағы ландшафті музей дегенді естуіңіз бар ма? Білмесеңіз, мектеп қабырғасында өткен тарих пәнін бір сәт еске түсірсеңіз археологиялық ескерткіштер, балбал тастар, көне орындар көз алдыңызға келеді. Міне, солар еліміздің, жеріміздің тарихынан сыр шертетін ескерткіштер. Көпшілік білетін және музейлерден көріп жүрген ежелгі заттар жоғарыда айтылған тарихи кешендерді қазу кезінде табылған. Ал, ашық аспан астындағы көне жәдігерлерді түгелдей бірден музейге әкелген жөн бе? Әрине, бәрін емес. Еркіндікті аңсаған бабалардың мұрасы бейбіт заманда да бұзылмай сақталуы үшін не істеу қажет? Кең-байтақ даламыздың төсінде күрек ұстап жүргеннің бәрі археолог па? Осы және өзге де сұрақтарға ҚР Ұлттық музейінің “Халық қазынасы” ғылыми-зерттеу институтының мамандары жауап береді.
Б.Жүнісбеков: Абайдың қорық-музейінің халықаралық байланыстары нығайып келеді
Еліміздегі тұңғыш әдеби мемориалдық музей ретінде ашылған Абайдың қорық-музейі бүгінгі күні Қазақстандағы танымал әрі жетекші музейлеріндің қатарында келеді. Музейдің бүгінгі тыныс-тіршілігін білмек болып қорық-музейге атбасын бұрған едік. Назарларыңызға Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени әдеби-мемориалдық қорық музейінің директоры Болат Жүнісбековтің сәті түскен сұхбатын ұсынамыз.
Ұлттық музей «Словарь терминов» атты кітаптің тұсаукесерін өткізеді
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 12 мамыр күні сағат 12:00-де жаңадан жарық көрген ғылыми басылымдарға арналған дөңгелек үстел өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.
Қазақтар туралы танымал картиналар аукционға шығарылады
ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейі «BonArt» халықаралық аукцион үйімен бірлесіп 13-28 мамыр аралығында «Бейнелеу және cәндік-қолданбалы өнері» атты аукцион өткізеді. Жалпы сатылым 29 мамыр күні сағат 16.00-де басталады, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.
Алматыда «Музейдегі түн-2016» шарасы өтеді
Н. Тілендиевтің мемориалдық музейі Алматы қаласы әкімдігінің мәдениет басқармасы және Алматы қаласы музейлер бірлестігімен бірлесе отырып 20 мамыр күні сағат 17.00-ден бастап «Музей түні-2016» шарасын өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.