Анонс


Халықаралық форумға қатысушылар Жезқазғанда СтепЛаг музейін ашуға ұсыныс жасады

Дүйсенбі, 06 Маусым 2016 04:12
Халықаралық форумға қатысушылар Жезқазғанда СтепЛаг музейін ашуға ұсыныс жасады KAZMUSEUM.KZ -  

Жезқазғандағы «Степлаг» лагерінің орны болашақта атақты Карлаг секілді тарихи музейге айналуы мүмкін, деп хабарлады «Астана» арнасы.

Өткен ғасырдың 50-інші жылдары жазықсыз тұтқындар отырған абақтының іргетасы мен қабырғалары сақталған. Ғалымдар мемлекеттен қаржы бөлінсе, бұл жердің ашық аспан астындағы туристік мекенге айналатынына сенімді. Өлкетанушылар Жезқазғанда өткен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған халықаралық форумда осындай ұсыныс жасады. Идеяны Қазақстан халқы ассамблеясы да қолдап отыр. 
Тарихқа үңілсек, “Степлагта” 21 мыңнан астам адам қамауда отырған. Олар 40-қа жуық ұлттың өкілдері. Ауыр азаптан 500-ге жуық жан көз жұмған. Тұтқындардың атақты Кеңгір көтерілісі де осы лагерьде болды. Үш айға созылған ереуіл күшпен басылып, қаншама қан төгілген. Даладағы азапты мекеннің орны әлі сақтаулы. 
«Әлі күнге дейін «Степлаг» лагерінің іргетасы, қабырғалары сақталған. Аздап жөндеу жұмыстары жүргізілсе, мұны аспан астындағы ашық музей ретінде халыққа көрсетуімізге болады. Бұл жалғыз қазақ халқының емес, сол кездегі көптеген ұлттардың тарихы», - дейді Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің ғылыми қызметкері Ғабдол Әуезов
«Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» халықаралық форумына Жапония, Румыния елдерінің өкілдері қатысты. Мәжіліс депутаттары, Ассамблея мүшелері мен ғалымдар «Степлаг» лагері жайында құпия деректермен танысты. Олар тарихтың жабулы беттерін қайта жандандыруға келісті. 

2655 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper