Кездесуде тараптар «Ұлы дала» Форумы аясында қол қойылған ынтымақтастық меморандумы шеңберінде Моңғолия даласындағы көне түркі кешендерін жүйелі зерттеу, бірлескен шаралар өткізу және Шивээт улаан көне түркі ғұрыптық кешеніне археологиялық экспедиция ұйымдастыру мәселелерін талқылады.
Профессор Ч. Сампилдондов TWESCO-ның ғылыми әлеуетіне зор баға беріп, халықаралық ұйымның көшпенділер өркениетін зерттеуге серпін беретініне сенім білдірді. Қос ұйым басшылары 2016 жылдың тамыз айында Шивээт улаан кешеніне халықаралық экспедиция жасақтап, Түркі әлемі археологтарының басын қосатын жиын өткізуге уәделесті.