Анонс
Super User

Super User

Алматыдағы Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде швейцарлық фотосуретші Жан Паоло Минеллидің «Қалалардың терісі, қалалықтардың терісі» атты көрмесінің ашылуы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі музей әкімшілігіне сілтеме жасап.

Қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың майдандағы ерлігі мен сұрапыл соғысқа дейінгі жастық шағынан сыр шертетін жәдігерлер көшпелі музей экспозициялық жобасы аясында Астанаға келді, деп хабарлады, 24KZ арнасы.

Ұлы Жеңістің 71-жылдығы қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық қорық-музейінде «Бізге естелік пен даңқ мұраға қалды» көрмесі салтанатты түрде  ашылды, деп хабарлады ҚазАқпарат. 

Дүниежүзілік татарлар қауымдастығының төрағасы Р.Закиров бастаған мәртебелі қонақтар Абай қорық-музейіне арнайы келіп, ұлы ақын рухына тағзым етті, деп хабарлады музей әкімішлігі kazmuseum.kz сайтына.  

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Отан қорғаушы күнін және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығын мерекелеу қарсаңында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығына барды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Ортағасырлық Абылайкит бекініс-монастыры 2016-2018 жылдарға арналған археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасына енді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда Ахмет және Ғазиза Жұбановтардың мемориалды музей-пәтерінде қазақ кәсіби музыка мәдениетінің негізін қалаушы Ахмет Жұбановтың 110 жылдығына арналған «Жүрек пернесі» атты көрме ашылды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Дина Нұрпейісованың 155 жылдық мерейтойына арналған күйші, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Айтолқын Тоқтағанның «Бұлбұл» атты лекция-концерті өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.

"Алтын адам" сүйегінің қалдықтары Данияға жіберілді. Онда жергілікті ғалымдар сараптама жүргізіп, сақ жауынгерінің жынысын анықтамақ. Бұл туралы "Есік" музей-қорығының директоры Гүлмира Мұхтарова мәлімдеді деп жазады Tengrinews.kz сайты. 

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде   Чернобыльдегі атом электр станциясында болған жарылысқа  30 жыл толуына орай  «Чернобыль  жаңғырығы» атты  көрме ұйымдастырылды.

Медиа

JoomShaper