Анонс
Super User

Super User

 «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Музей түні» шарасы өтті. Мерекелік шараның шымылдығын жасөспірімдер мен студенттерге арналған квест-ойындар ашты, деп хабарлады музей әкімшілігінен.  

1916 жылы ұлт-азаттық көтерілісте қазақ жауынгерлерін бастаған көшбасшылардың бірі, қазақ жерін бодандықтан құтқару үшін жанын пида еткен атақты Кейкі батырдың бас сүйегін өз Отанына жеткізу үдерісі бірнеше жылға созылып кетуі ықтимал. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін, 24 мамырда ҚР Ұлттық музейінің үлкен конференц-залында Олжас Сүлейменовтің 80 жылдық мерейтойына арналған «О. Сүлейменов поэзиясындағы тарих және тағылым» атты ғылыми конференция өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Тарихи жәдігерлерді қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстары» тақырыбында халықаралық семинар өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Халықаралық музей күніне орай «Музейдегі түн-2016» акциясы өтті, деп хабарлайды kazmusem.kz сайты Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.

Оралдағы облыстық қазақ драма театрында Музейлердің халықаралық  күніне орай “Ашық есік күні” жəне “Музейдегі түн” акциясы шеңберінде “Мəңгілік елге саяхат” атты мерекелік салтанатты шарасы өтті, деп хабарлады «ЖайықПресс».

ОҚО аумағында заңсыз құрылыстармен күресу жоспарына сәйкес, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы мен Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі берген талап арыздар сотпен қаралып, заңсыз нысандарды бұзуға шешімдер қабылданып жатыр, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Музей күніне орай 18 мамырда «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде бір қатар мерекелік мәдени іс-шаралар және дөңгелек үстел басқосуы өтеді. Мерекеге орай көптеген бағалы сыйлықтары бар лоторея ойнатылады деп күтілуде.

Оралдағы мемориалдық музей үйінің қызметкерлері Невель қаласынан олжамен оралды, деп хабарлады 24.kz сайты. 

Шымкенттегі Бейнелеу өнері музейінің базасында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Дархан далам» суретшілер симпозиумы өтуде, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі музейдің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

Медиа

JoomShaper