«Оптикалық диапазондағы қашықтықты өлшейтін құрылғы археологтарға ғылымға белгісіз Гондурас және Белиз сынды көне елді мекендерді табуға мүмкіндік береді», - деп санайды ол. Георадарларды қолдану арқылы жерді қазбай-ақ өткен ғасырлардағы ескерткіштерді іздеуге болады.Осы жоба аясында Шыңғысханның қабірі іздестіріліп жатқанын айтты.
«Әзірге оны тапқан жоқпыз. Алайда анағұрлық көп аумақты тексерсек, Шыңғысхан немесе Александр Македонскийдің мазарын табу мүмкіндігі артады»,- деді археолог.
Археологтар Сианьға жақын жерде алғашқы қытай императоры Цинь Шихуандидің (б.з.д. 259 ж. - б.з.д. 210 ж.) моласы қай жерде орналасқанын біледі. Алайда оны бұзып алудан қорқып, қазбай отыр.
Сондай-ақ биыл биік жерден ғана көрінетін Наска шөліндегі алып суреттердің құпиясы ашылады деген болжам бар.