Анонс


Ұлттық музей Қызылорда облысында акция өткізеді Таңдаулы

Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2015 10:25
Ұлттық музей Қызылорда облысында акция өткізеді KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Ұлттық музейі 2015 жылғы 25 қыркүйекте Әбділдә Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ұйымдастыруымен «Ұлттық музейге сый тарту» республикалық акциясын өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Акцияның басты мақсаты ұлтымыздың ұлы тұлғаларының өмірі мен шығармашылығына байланысты құнды жәдігерлерді музей қорына қабылдау. Акция Астана және Алматы қалаларында да ұйымдастырылған болатын. Нәтижесінде 700-ге жуық құнды жәдігер Ұлттық музейдің экспонаттар қатарына қосылды. Ол жәдігерлердің арасында Кенен Әзірбаев, Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Ілияс Жансүгіров, Жұмабек Тәшенов, Қасым Қайсенов тағы да басқа ұлтымыздың біртуар ұл-қыздарының өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды жәдігерлер бар.

 Құрметті оқырман, «Ұлттық музейге сый тарту» республикалық акциясына қатысып, ұлтымыз үшін маңызды шараға атсалысам десеңіз, Ұлттық музей қызметкерлеріне хабарласуларыңызға болады. Тел: 8(7172) 91-90-35. (ішкі 335, 400). Мекен-жайы: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 54.

2849 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper