Анонс
Super User

Super User

Ел арасында «Ақжүніс» атанып кеткен, танымал журналист Сәуле Әбединова Алматы қалалық ішкі істер департаментінің музейіне басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Ақтөбе облысының әкімдігі мен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетімен бірлесе облыстық тарихи-өлкетану музейі  көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетовтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Ұзақбай Құлымбетов және Қазақстанның мемлекеттілігі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Алма Сағынғали «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейі» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босатылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Туризм XX ғасырда бұқаралық сипатқа ие болып көптеген елдердің мамандану саласына айналды. Экономикалық, саяси кедергілердің азаюы, техникалық және технологиялық мүмкіндіктердің артуы мен дамыған елдерде орта таптың пайда болуы сияқты факторлар туристік саланың қарқынды дамуына мүмкіндік ашты. Туристік индустрияны ғаламдану үрдісінің бір қыры десек те болады. Экономикалық тұрғыда туризм қазіргі таңда ақпаратты технологиялармен қатар жылдам дамып келе жатқан табысты салалардың бірі болып саналады. Сондықтан көптеген елдердің өзінің туристік әлеуетін арттыруға тырысуы заңдылық.

Туристерді елдің табиғи рекреациялық немесе әлеуметтік- экономикалық жағдайы ғана емес, сонымен бірге ол жердің мәдениеті, белгілі тарихи нысандары да үлкен қызығушылық тудырады. Мысалы Египетте «Пирамидалар», Парижде «Эйфель мұнарасы» мен «Лувр музейі», Нью-Йоркте «Азаттық мүсіні», Мәскеуде «Қызыл алаң» мен «Кремль», Санкт-Петербургта «Эрмитаж», Қытайда «Ұлы Қытай қорғаны» және т.б. мәдениет пен тарихқа қатысты сол елдің тұрмыс-салт ерекшеліктеріне байланысты туындайтын сұрақтарды мәдени туризм қарастырады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 2017 жылғы 5 қаңтарда сағат 11:00-де ҚР Ұлттық Ұланының фототілшісі Вячеслав Гельблингтің «Ұлттық Ұлан Тәуелсіздік күзетінде» атты жеке фото көрмесі өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Шығыс Қазақстан өнер музейінде Юлия Николаевна Никитинаның жеке көрмесі ашылды. Көрме не жайлы? Қысқа ғана айтар болсақ, көрме – адам баласының бақытты шағы туралы. Көрермен акварельдің шүбәсіз құдіретті техникасын, қазіргі күні сирек кездесетін литографияны қапысыз тамашаласын. Бұл шағын көрме залы – дәл бүгін сәнқой арудың құнды заттарын сақтайтын әдемі қобдишасына айналып кеткендей.                

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде жас мүсінші, И.Е.Репин атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік көркемсурет, мүсін және сәулет институтының студенті Жанна Нөгербекованың «Таң» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Қазақстан Президенті жұмыс сапары барысында Алматының жаңа музейінің экспозициясымен танысты, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ә. Қастеев атындағы өнер музейі 2017 жылдың 5 қаңтарында  «Барокко полифониясы» атты музыкалық кешіне шақырады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.  

Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Арий Георгиевич Школьныйдың туғанына 90 жыл толуына арналған жеке көрмесі ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Медиа

JoomShaper