«Ұлы дала елі»көрмесінде суретшінің 80-нен астам картинасы халық назарына ұсынылатын болады. Экспозиция мазмұны автордың еліміздің тарихындағы ерекше мекендерді терең зерттегендігін көрсетеді. Көрмеге қойылатын жұмыстарда автор тек туған жердің әсемдігі мен өзгешілігін сипаттап қана қоймай, кескіндік-пластикалық пішіндерде еліміздің қасиетті жерлерінің рухани түйсінін ұтымды көрсеткен.
Көрмеге келушілер автордың «Сары-Арқа – шалғын дала», «Қорғалжын көлдері», «Баянауылдың қасиетті әулие тастары», түркістан сериясынан: «Қаратау күнгейі», «Хан тағы», «Мыңжылқы» және «Ақсу-Жабағылы» құздары сынды т.б. жаңа жұмыстарымен таныса алады. Суретшінің «Абылай хан алаңы», «Балуан Шолақ үңгірі», «Ақ-Бота», «Оқжетпес» тәріздес 50-ден астам туындысы Бурабайдың көрікті орындарына арналған.
Шебердің жұмыстары Қазақстан мен шет елдердегі (Германия, Швейцария) қоғамдық және жеке коллекцияларда сақтаулы.
Көрме 2016 жылдың 30 қарашасына дейін жалғасады.
Фото: Радиоточка.кз