Бұл кітап – қазақтың маңдайына біткен біртуарлар жайындағы санаулы ғана тұлғалық энциклопедиялардың бірі. Аталмыш баспадан бұған дейін Абай, Қ.Сәтбаев, Абылайхан секілді тұлғалық энциклопедиялар басылып шыққан болатын. Бұл басылымға елімізге танымал ғалымдар, жазушылар, зерттеушілер атсалысты. Соның арқасында қолдарыңызға тигелі отырған баспа өнімінің ғылыми құндылығы арта түсті. Кітапқа 3 мыңдай мақалалар енгізілді. Олардың ішінде ғылыми зерттеу тұрғысындағы мақалалар, ақынның өлең-жырлары, дастандары, айтыстары туралы мағлұматтар, жыр алыбы жайында жазылған кітаптар, салынған суреттер, түсірілген фильмдер, оған арналып шығарылған ән-күйлер, сонымен қатар қарт жыраудың ән-күйлері туралы нақты деректер түгелдей қамтылды. Тұсаукесерге еліміздің белгілі қаламгерлерлері мен әдебиеттанушылары, БАҚ өкілдері және жыр алыбының бүгінгі тікелей ұрпақтары қатысады.
Тел.: 8-702-944-94-41, пошта: kazenc@mail.ru