Музыкалық кеште Ad Libitum камералық ансамблі (жетекшісі - Еркін Мырзағалиев) өнер көрсетіп, кемеңгер композитор Иоганн Себастьян Бахтың скрипкаға арналған концерт ля минор, «Ариозо», «Сицилиана», «Шутка», ария, марш, менуэт және т.б. шығармаларын орындайды.
Ad Libitum ансамблі 9 инструменттен тұрады; 2 бірінші скрипкалар, екі альт, екі виолончель мен контрабас кіреді. Ансамбль музыканттары Виктор Бардашев, Ирина Бардашева, Арман Назаров, Валерий Багаутдинов, Рамазан Байкуванов және т.б. - халықаралық конкурстардың лауреаттары. Топтың жетекшісі Еркін Мырзағалиев (бірінші скрипка) П. Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының түлегі, Пушкин атындағы өнер музейінде өткізілетін түрлі концерттердің қатысушысы (Мәскеу қаласы), Швейцария, Ресей және Қазақстанда өткен халықаралық конкурстардың лауреаты. Сондай-ақ, Румыния, Венгрия, Грекия, Швейцария, Түркия, Қытай және басқа да елдерде концерттер ұйымдастырған.
Кештің жүргізушілері – белгілі музыкатанушы Юрий Аравин және музейдің менеджмент және сыртқы байланыс орталығының жетекшісі Клара Исабаева.
Байланыс – 394-57-18, 8-705-888-6562, 8-747-181-5126.
Билет бағасы – 2500 теңге.
Кеш жоспары: 1) 17.00- ден 18.00-ге дейін музейді аралау; 2) кофе-брейк – 18.30; 3) концерт «Барокко полифониясы» - 19.00.
.