Анонс


Н.Назарбаев экономика саласына музейдің не үшін қажет екенін айтып берді Таңдаулы

Бейсенбі, 22 Желтоқсан 2016 03:00
Н.Назарбаев экономика саласына музейдің не үшін қажет екенін айтып берді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Президенті жұмыс сапары барысында Алматының жаңа музейінің экспозициясымен танысты, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл музей өңірдің бай тарихи-мәдени мұрасын кеңінен көрсететін ірі ғылыми әрі мәдени орталық болып саналады.

– Әлемдегі кез келген ірі қалада музейлер өте көп. Бұған біздің де ерекше назар аударғанымыз жөн. Музейлер туристерді көбірек тарту үшін қажет, ал туризм – әрбір мемлекеттің экономикасының маңызды саласы, – деді Мемлекет басшысы.

Музей қорында 40 мыңға жуық экспонат, соның ішінде бейнелеу өнерінің туындылары, қазақ этнографиясының үздік топтамасы, түрлі дәуір мен мәдениетке жататын тұрмыстық заттар, нумизматика жәдігерліктерінің жиынтығы және басқа мұралар бар.

Музей экспозициясы 11 залдан тұрады, онда мультимедиалық технологияларды қолдану арқылы Алматының көне дәуірден қазіргі заманға дейінгі тарихы бейнеленген.

2663 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper