Биыл Кеңес одағының батырлары Белібаев Зәкәрия, Урзля Владимир, Молдағалиев Жангазы, Шулятиков Василий, Мұқатай Әбеуловтардың туғанына 100 жыл толып отыр.
Ертіс өңірінен ерлік пен батырлығы үшін 54 (елу төрт) Семейлік-жауынгерге Кеңес одағының батыры атағы берілсе, 12 адам 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған. Семейліктер өз жерлестері келешек ұрпақтың жарқын болашағы үшін жанын қиған Кеңес одағының батырларының есімін зор мақтанышпен еске алады.
Іс-шараға Семей қазақ-түрік лицейі, радиотехника және байланыс колледжінің студенттері қатысты. Оқушылар мен студенттер Кеңес одағының Батырларына – 100 жыл толуына орай олардың батырлық істері жайлы экраннан бейне-роликтер мен слайд көрсетілді. Жауынгерлік еңбектері жайлы дәріс тыңдалды.