«...Қалада жаңадан қонақ үйлер мен вокзал, әуежай салумен қатар, музей, галерея, спорттық кешендер бой көтереді. Олардың қатарында, қазіргі заман өнері музейі, космос музейі, қару-жарақ музейі, технологиялық музей мен «Бозоқ» кешені бар. Біз негізінен эко және этнотуризмді дамытуды қолға аламыз», - деді Ә.Исекешев.
Айта өтейік, Астанада қазіргі уақытта республикалық дәрежедегі 3 музей (Ұлттық музей, Президент музейі, Әскери-тарихи музей) және қалалық дәрежедегі 2 музей (С.Сейфуллин музейі, "Атамекен" музей-кешені), ведомстволық 3 музей (ЕҰУ "Білім тарихы" музейі, Ұлттық кітапханада "Сирек кітаптар музейі", ІІМ музейі), академиялық 1 музей (Түркі академиясының музейі) мен көрме залдары, жекеменшіктегі бірнеше галерея бар. Сондай-ақ, жуық арада тағы бір музейдің (Бейбітшілік пен келісім сарайында) ресми түрде ашылуы күтілуде. Ал, қала әкімі айтқан музейлер Астананың жоспарына енгізілген.
Фото: ortcom.kz