Анонс


Отырар қорық-музейіне музейдің негізін қалаған ғалымның атын беруді ұсынды

Сейсенбі, 14 Ақпан 2017 04:42
Отырар қорық-музейіне музейдің негізін қалаған ғалымның атын беруді ұсынды KAZMUSEUM.KZ -  

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейіне музейді алған рет ұйымдастырған тұлға Асантай Әлімовтің есімін беру туралы мәселе көтерілді. Бұл туралы музейдің facebook-тегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Аталған мәселе Отырар мемлекеттік археологиялық музейінде өткен Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Отырар ауданының құрметті азаматы, халық ағарту ісінің үздігі, ұстаз Асантай Әлімовті еске алуға арналған «Тарихын сүйген нар тұлға» атты дөңгелек үстел кезінде айтылған.

Қатысушы қонақтар атынан халық ақыны Әселхан Қалыбекова Асантай Әлімовке арнаған өлеңін оқып, құрметті азаматтың ескерткішін музей алдына кою туралы өз ойын білдірді. Ардагерлер кеңесінің төрағасы М. Өксікбаев мырза кезінде өзі музей ашып, ұстаздық еткен мектепке Асантай Әлімовтің есімі берілгенін жөн екенін айтты. Қорытынды сөзде археолог Н. Алдабергенов Отырар музейіне Асантай Әлімовтің есімі берілсе де артық болмайтынын жеткізді.

Сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында Асантай Әлімов жайлы фильм көрсетіліп, еңбектері жайлы «Сөнбес сәуле» тақырыбында Б. Арыстанбаева баяндама оқыды. Музей қорындағы жәдігерлері көрмеге қойылып, сонымен қатар кітапхана меңгерушісі Н. Әбдірәлі нар тұлғаның өмірінен сыр шертетін кітаптарынан да көрме ұйымдастырды.

3387 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper