
Super User
Ә. Қастеев атындағы Өнер музейі «Әсем әлем» академиясының үшінші кезеңін бастайды
Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде 2018 жылғы 17 қыркүйекте сағат 19.00-де «Әсем әлем» өнер академиясының күздік циклы қазақтың белгілі реставраторы Қырым Алтынбековтің өзінің «Ұлы дала мәдениеті. Қазақстанның жаңғырған қазыналары» дәрісімен өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Музей саласы бойынша Жапонияда іс-тәжірибеден қалай өтуге болады?
ҚР Ұлттық музейінің «Археология және этнография» бөлімінің ғылыми қызметкері Айдана Көптілеуова Жапонияның мәдени орталығы - Нара қаласында өтіп жатқан іс-тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Жезқазған музейі Қаныш Сәтбаевтың қолтаңбасы бар экспонатпен толықты
Жезқазған тарихи-археологиялық музейіне археолог, ғалым, А.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері Ермолаева Антонина Сергеевна музей қорына Қаныш Имантайұлының өзінің қолтаңбасы бар жазба мен «Гранат» атты минералды табыс етті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Берелдегі №11 қорғанның аумағында ашық аспан астында музей ашылды. Бұл жобаны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей – қорығы жүзеге асырды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Мектеп музейлеріне арналған байқау өтеді
2018 жылғы 1-2 қараша күндері Астана қаласында ҚР Білім және министрлігінің тапсырысымен республикалық «Үздік мектеп музейі» конкурсы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Әскери-тарихи музей халықаралық конференцияға қатысуға шақырады
ҚР ҚК Әскери-тарихи музейі 2018 жылғы 19 қазан күні Қожаберген батыр Жәнібекұлының туғанына 320 жыл толуына орай «ҰЛЫ ДАЛА БАТЫРЛАРЫ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Қарағанды облысында 4 мың жыл бұрын жерленген жауынгердің қабірі табылды
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының тапсырысы бойынша Тобылды қорымында археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілу үстінде, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты облыстық басқармаға сілтеме жасап.
Ұлттық музей сала мамандарының энциклопедиясын жарыққа шығарады
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі "Музей саласы қызметкерлерінің энциклопедиясы" атты жоба ұйымдастырады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музейдің ғылыми-әдістемелік қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының бас қаласы Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақ ұлттық хореография академиясы музейінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ә.Қастеев музейі жазғы каникулға арналған бағдарламасын ұсынады
Ә. Қастеев атындағы өнер музейі балалардың жазғы демалысына арнап, 2018 жылғы шілденің сенбі, жексенбі күндері «Сиқырлы шам» музейлік-отбасылық шығармашылық фестивалін өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.