Анонс
Super User

Super User

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі Байғанин ауданының 90 жылдығына орай өңірдің перзенті, Қазақстанның халық артисі, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген актрисасы Алтын Ибрагимқызы Ружеваның туғанына 90 жыл толуына арналған «Театр өнерінің майталманы» атты тарихи-мәдени-танымдық шара ұйымдастырып өткізді. Бұл шараны ұйымдастырып өткізудегі басты мақсат - Алтын Ружеваның өмір жолы мен шығармашылығымен таныстыру. Театр өнеріне сіңірген зор еңбегін, жақсы қырларын насихаттау.

Қазіргі таңда «Музейтану» ісі еліміздегі барлық музейлерді қалалық ортада болып жатқан қызу процестерге белсенді түрде араласып келе жатқан институт ретінде қарастырады. Себебі қазіргі әлемде музейлерге деген талаптар күннен күнге өзгеруде.

Астанада танымал оюшының көрмесі өтеді

Бөлім:  Көрмелер
Сейсенбі, 12 Маусым 2018 00:59

ҚР ҚК Әскери-тарихи музейі 2018 жылғы 13 маусым күні сағат 16.00-де белгілі оюшы, қолөнер шебері, Абылай хан атындағы халықаралық конференцияның «Алтын медалі» және «Қазына сыйлығының» екі мәрте иегері, Әлемдік Шыңғысхан Академиясының құрметті академигі, Арқалық қаласының құрметті азаматы, өлкетанушы Шөптібай Байділдиннің «ОЮМЕН ОЙ АЙТҚАН ЕЛМІЗ» атты жеке көрмесін өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының "Атамекен" тарихи-мәдени орталығы өткен жылдың желтоқсан айынан ашылғалы облыс көлемінде мәдениет мекемелерімен етене қарым-қатынас орнатып қызу тіршілікке араласып келеді. Бүгінде Орталық өз жұмыс бағытын айқындап, "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасын" негізге ала, еліміздің дамуын, мәдениет пен ғылымдағы мақтан тұтар жетістіктерін, өңірлік ерекшеліктерді танытатұғын құндылықтарды насихаттай отырып, танымдық, ағарту орталығы ретінде халыққа қызмет етуде. Тарихқа көз жүгіртсек, сонау адамзат баласы жаралғалы деп айтарлық заманнан бергі уақыттарда киелі қоныс болған Жетісу жерінің батысындағы тас дәуірінің Майбұлақ қонысымен қатар Ақтерек шатқалы, Таңбалы тас сияқты ескерткіштер өздерімен бірге қаншама терең сырды бүгіп жатыр.

Балбал тас қандай тас?

Сейсенбі, 12 Маусым 2018 00:50

Көне тарих керуеніне көз жіберсек, VІ ғасырда тарих белесіне Түркі қағанатының шыққаны мәлім. 552-жылы Ашина тайпасының көсемі Бумын өзін қаған деп жариялап, 555-жылы бүкіл Орталық Азияны (Батыс Манчжуриядағы қидандар мен Енисей қырғыздарын қоса есептегенде) түркі мемлекетінің құрамына кіргізді. VІ ғасырдың 60-жылдары Бумынның інісі Истеми қағанның Орталық Азиядағы ақ ғұндар мемлекетін күйретіп, артынша сол ғасырдың 70-жылдары Солтүстік Қытай мемлекеттері - Чжоу мен Циньді де Түркі қағанатына бағынуға мәжбүр етті. Осыншама ұлан-ғайыр территорияны бағындыруы жайдан жай емес еді, өйткені Түркі қағанатының қоғамдық өмірінде әскери іс маңызды орын алатын. Сондай-ақ, мал шаруашылығымен, аңшылықпен айналысқан қағанат халқы қауқарсыз да емес еді. Алайда қағанаттағы саяси-әлеуметтік қайшылықтың шиеленісуі, ғасырлыр қасіреті болып саналатын билікке талас секілді сүреңсіз себептер 603 жылы Шығыс Түркі қағанаты және Батыс Түркі қағанаты деген дербес екі мемлекеттің пайда болуына әкеп соқты.

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Париж қаласында тұратын Берлин Иришевтің жеке коллекциясынан 2018 жылғы 12 маусым күні, сағат 16.00-де «Диор музасының портреті» атты бір ғана туындының көрмесі өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. 

«Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК-на қарасты Алматы музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ел жүрегі – Астана» көрмесі ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Қабанбай ауылында соңғы үлгіде жабдықталған музей ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада «Рухани қазына-2018» фестивалі аясында қазақстанның үздік музейлері мен музейлердің үздік қызметкерлері анықталды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Астанада «Рухани қазына-2018» фестивалінің аясында өткен «Музейлер – ғылым мен зерттеушіліктің берік діңгегі» атты диалог алаңында «Қазақстанның облыстық өлкетану музейлері одағы» құрылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Медиа

JoomShaper