- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2018 жылдың 16 ақпан күні сағат 15.00-де «Болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында «Жаңғыру – 2018» атты Алматы қаласы оқу орындары оқытушыларының көркемөнер туындыларының көрмесін ашады;
- «Қазақстан Халықтық жинақ банкі» АҚ «95 қайырымды жұмыс» фестивалі аясында 2018 жылдың 24-25 ақпан аралығында «Ашық есік күндері» акциясын ұйымдастырады (ҚР МОМ I, II, III, IV экспозициялық залдар бойынша кіру тегін) және «Теңге – тиыннан, тұлпар – құлыннан (Тәуелсіздіктің бірегей тұғыры). Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі қорынан» атты көрме ашылады. Көрме 2018 жылдың 19 наурызына дейін жалғасады;
- 1 наурыз сағат 15.00-де Ә. Қастеев ат. Бейнелеу өнері мен техникалық дизайн мектебімен бірлесіп ұйымдастырған «Бояулар фестивалі» атты балалар жұмыстарының көрмесі ашылады. Көрме 2018 жылғы 13 наурызға дейін жалғасады;
- 3-4 наурызда «Бәйшешектер гүлдегенде» атты ортаазиялық қолөнер көрме-жәрмеңкесі өтеді;
- 15 наурыз – 10 сәуір аралығында Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулдығы жанындағы Мәдени Өкілдігімен бірлесіп Иран шеберлері жасаған қолөнер бұйымдарының көрмесін өткізеді.