Анонс
Super User

Super User

Астанада өткен «Рухани қазына-2018» фестивалі аясында «Музейлер – ғылым мен зерттеушіліктің берік діңгегі» атты диалог алаңы ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі 2018 жылғы 18 мамырда сағат 17.00-ден 24.00-ге дейін Музейлердің халықаралық күні мерекесіне арналған «Музей түні» атты іс-шарасын өткізеді. Іс-шараның биылғы жылғы ұраны – «Гиперкоммуникация дәуіріндегі музейлер», деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. 

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде 2018 жылғы 18 мамырда сағат 18.00-ден 02.00-ге дейін жыл сайынғы «Музей түні» атты ауқымды жоба өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kzсайты.  

Астананың 20 жылдығына орай ҚР Ұлттық музейі шетелдік бірнеше көрмені қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынатын болады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Ақтөбелік кәсіпкер Қайрат Майтеков өз қаражатына компизитор Ахмет Жұбановтың рухына арнап «Жұбановтар әлемі» музей-үйін тұрғызды.

ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Жоламанов Әбіл Тауфикұлы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры болып тағайындалды. Аталған департамент еліміздің музей, театр және кітапхана саласына басшылық жасайды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2018 жылғы 22 мамырда Қазақстанның үздік музейі мен кітапханасы және аталған саладағы үздік қызметкерлері анықталады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Еліміз тәуелсіздік алған жылы небәрі 97 музей болса, қазіргі уақытта оның саны 2,5 есеге дейін өсіп, музей саны 240-қа жетті. «Таяу уақытта бұл көрсеткіш 250-ге дейін жетуі мүмкін» деп жазады kazmuseum.kz сайты.  

ҚР ҚК Әскери-тарихи музейінде Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер, археолог-ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Германия археология институтының корреспондент-мүшесі, Әскери-тарихи музейінің ғылыми кеңесшісі Зайнолла Самашұлы «Қазақстан жартас суреттері тарихи дерек ретінде» атты тақырыпта дәріс оқыды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. 

ҚР Мемлекеттік орталық музейі мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультеті және Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бірігіп 2018 жылғы 13-14 сәуір күндері «III-і Арғынбаев оқулары. Қазіргі заман этнография ғылымы және оның қоғамдық жаңғырудағы ролі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Медиа

JoomShaper