
Super User
Елбасы музей ісіне көңіл бөлді – ҚазҰУ студенті
Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 21 қараша күні жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы – ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, қазақ елінің мәртебесі мен абыройын асқақтатқан дүние болды. Мыңдаған жылдар бойы сайын дала төсін ен жайлаған көшпенді халықтың адамзат дамуына қосқан ғылыми жаңалықтары мен сүбелі үлесі жайлы жазылған бұл мақала – қазақ халқының өткен тарихына толықтай шолу жасап шыққандай.
Музей экспозициясындағы қазақтың ұлттық киімдері
Еуразия даласын мекендеген көшпелі қазақ елі өзге халықтарға ұқсамайтын киім үлгілері көшпелі өмір мен табиғи ерекшеліктерге сай қалыптасты. Қазақы киімнің сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың бай тарихы мен, ой-дүниетанымының қайталанбайтын ерекше көріністері бар. Ол дегеніміз – қазақ халқының төл мәдениеті.
Османлы мемлекетінің Орта Азиямен байланысына арналған көрме ашылды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығының ұйымдастыруымен, Түркияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен «Османлы мемлекеті мен Орта Азия хандықтары қарым-қатынастарының құжаттары» атты көрмесі ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Музейлік сауалнама: Ұлттық музейдің әлеуметтік зерттеулері
Музей - адамдардың бос уақытын тиімді өткізетін демалыс орнына айналып, инновациялық технология жағынан жылдам дамып келеді. Келушілерді қызықтыру үшін тақырыптық жобалар, жаңа дизайнерлік шешімдер, блокбастер-көрмелер пайда бола бастады. Музей жәдігерлеріне деген көзқарас өзгеріп, қазіргі уақытта экспонаттарды өздерін емес, олардың келушілерге қолжетімділігі, көрсету тәсілі өте маңызды. Бүгінгі таңда музейлер қоғамда алатын өз орнын мен рөлін қайта қарастыруда. Музейлер адамдардың талап-тілектерін ескеріп, тарих пен мәдениетіміз туралы ақпарат беретін құндылықтармен интерактивті қарым-қатынас орнататын тиімді форматтар ойластыруда. Бұл жағдай жаңа қоғамның барлық қырларының жаһандануымен байланысты.
«Қазақстан кескіндемесі» атты ғылыми каталогтың тұсаукесері өтеді
Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі 2018 жылғы 28 қарашада «Қазақстан кескіндемесі» ғылыми каталогының ІІ томының салтанатты тұсаукесерін өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Сан ғасырлық мұраны цифрландыруға жаңа мүмкіндік пайда болды – М.Амирова
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бабаларымыздың сан ғасырлық асыл мұрасын қазіргі сұранысқа сай цифрлық бағытта жаңғыртуға зор мүмкіндік береді.
Н.Назарбаев «Ұлы дала» музейін ашуды ұсынды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу туралы идеясын айтты, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Елбасы мектептер мен музейлер жанынан қозғалыстар құру туралы айтты
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында оқушылар үшін тарихи-археологиялық қозғалыстар құру маңызды екенін айтты, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Ә.Қастеев атындағы Өнер музейі Түркияда көрме ұйымдастырды (ФОТО)
Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік Өнер музейі Түркияның Мұстафа Айяз атындағы Заманауи өнер музейінде ХХ ғасырдың соңы – ХХI ғасырдың басындағы қазақстандық суретшілердің 32 кескіндемелік және графикалық жұмыстарын ұсынатын «Ұлы Дала рухы» көрмесінің тұсаукесерін өткізді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Музей мамандарына арналған семинар өтеді
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі 2018 жылғы 29 қарашада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Мәдени мұраны сақтау және қалпына келтіру мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік семинарын өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.