
Super User
Ұлттық музейдің 5 жылдығына орай конференция өтеді
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ашылғанына 5 жыл толуы мен 18 мамыр – Музейлердің халықаралық күніне орай 2019 жылдың 22 мамыр күні сағат 10:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Қазақстандағы музей ісі: қалыптасуы, даму үрдісі, мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Ұлттық музей директорының м.а. А.Нұразхан: Өзбекстан халқы биыл «Алтын адам» көрмесін тамашалай алады
Ұлттық музейде Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Өзбекстан Бейнелеу өнері музейі ұйымдастырған «Өзбекстанның заманауи кескіндемесі» көрмесі және «Заманауи Өзбекстан» фотокөрмесі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
«Алтын адамның» ашылу тарихы мен Тәуелсіздіктің символына айналуы
Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасы және оның ғұрыптық кешені – құнды тарихи дереккөздері болып табылады. Ол Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін баға жетпес мұра. Ұлы даланың жеті қырының бірі. Уақыт өте келе бұл тарихи-мәдени мұраға арналған ғылыми зерттеулер негізінде құндылығы одан әрі арта түспек [4. 6 б.]. Алайда сақ ханзадасының табылғанына 50 жылға жуық уақыт өтсе де, көпшілік біле бермейтін аңызы мен ақиқаты жетерлік. Археология мен туризм және т.б. салалардағы Алтын адамға қатысты өзекті проблемаларды айтпағанда, Алтын адамның табылу жылына байланысты біршама шатасулар аз емес. Мысалы, көптеген басылым беттерінде, мектеп оқулықтарында Алтын адамның ашылу жылы 1969 жыл деп жазылып келеді, ал оны тапқан мамандар немесе жеке адам жайлы да аңыздар жетерлік. Аңызы – Алтын адамды құрылысшылар тобы тауып алған немесе тракторшы ең алғаш анықтаған деген сыңды аңыздар таралған. Бұл қарапайым сұрақтардың өзі де қазіргі таңда өзекті проблемаларға айналуы әбден мүмкін. Себебі, Алтын адамның ашылу барысында басы-қасында болған және оны алғашқы болып зерттеген мамандар қатары азайып барады. Келешек ұрпаққа Алтын адам аңызы мен ақиқатының ара-жігін ажыратып, тайға таңба басқандай анықтап беру біздің негізгі мақсат-міндетіміз болып табылады.
Есік қорық-музейіне жаңа басшы тағайындалды
ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Есік мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне директор болып Тасқын Нұрбайұлы Тойбаев тағайындалды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Ұлттық музей: Қастеев пен Пикассоның көрмесін тамашалауға шақырамыз!
Пабло Пикассо! Әбілхан Қастеев! Бірі – Еуропада, бірі – Қазақ жерінде бір ғасырда, бір дәуірде өмір сүрген бейнелеу өнерінің даңқты қос тұлғасы! Екеуі де қайталанбас, өлмес мұра қалдырған, тарихтың бейне энциклопедиясын жазып кеткен - майталман суретші.
Қожа Ахмет Яссауи музейінің қашан ашылатыны белгілі болды
Түркістанда қаласында ашылуы жоспарланған Қожа Ахмет Яссауи музейінің қашан ашылатыны белгілі болды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
Қазақстанда жаңа бағыттағы музей ашылады
«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында елімізде жаңа музейлер ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты ҚР Қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Оригинальные экспонаты Национального музея
В столице Астане функционирует замечательный Национальный музей нашего государства. Национальный музей Республики Казахстан символизирует рост состоятельности наших граждан в социально- экономической жизни и все гуманитарные направления развития общества.
Қазақстандағы музей ісінің даму үрдісі
«Музей» ұғымы алғашқыда ежелгі Грекиядан өз бастауын алады. Грек философтарының ерекше салтанатпен безендіріліп, жиын жасауға арналған сәнді ғимараттары антика дәуірінде «мусейсон» немесе «музалар храмы» деп аталған. Музейсон қазіргі түсінікпен храмдарды емес, құрбан болғандарды және көбіне тау шатқалында, бұлақ жағалауларында қайтқандарды көрсете білді. Музалар басында бұлақ бастаулары негізінде қалыптасты. Кейінірек оларды өнер және ғылым, творчестволық сый дарыған ретінде саналды.
Рухани жаңғыру – қазақстандықтардың салт-санасы мен мәдени дүниетанымын өзгертетін қозғаушы күш. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»мақаласын оқып шыққаннан кейінгі алғашқы байқайтынымыз, ойды жеткізудегі ерекше мәнерлілік, дәлдік пен қарапайымдылық. Сонымен бірге, бұл еңбек мейлінше терең де, күрделі әрі кемелдігімен ерекшеленеді.