
Super User
Үкіметке музей қызметкерлерінің жалақысын көтеру туралы жоба ұсынылды
Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі өзіне қарасты республикалық дәрежедегі мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің жалақысын көтеру мақсатында ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы жобаны ұсынды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
«Есік» қорық-музейінің халықаралық байланыстары
Музей қызметі қоғамдағы өзгерістермен, қоғам дамуымен тығыз байланысты өрбіп отыратындықтан, әр заманның алдына қойған мақсат-мүдделеріне сай, музей ісі де сол қоғамның жаршысы іспетті қызмет атқаратыны мәлім [1]. Әсіресе музей ісінде заманауи өзгерістер тұсында халықаралық байланыстар үлкен мәнге ие. Әлемдік біртұтас мәдени және ғылыми кеңістікке ену қорық-музейлердің дамуы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Алматыда музей мамандарына арналған семинар-тренинг өтті
Алматы қаласында Қазақстан музейлерін ақпараттық-әдістемелік қолдауға арналған «Kazmuseum.kz» қорының ұйымдастыруымен «Музей саласындағы жаңа трендтер және ақпараттық технологиялар мен нормативтік-құқықтық құжаттарды пайдалану тәсілдері» атты семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Болашақ музеолог мамандардың республикалық олимпиадасы өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығы бойынша оқитын студенттер арасында олимпиада өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Музейтану мамандығында оқитын студенттер мен магистранттар үшін семинар ұйымдастырылды
Қазақстан музейлерін ақпараттық-әдістемелік қолдауға арналған «Kazmuseum.kz» қорының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығында оқитын студенттері мен магистранттары үшін «Қазақстан музейлері: бүгіні мен келешегі» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Музей мен білім кеңістігінің интеграциясы
ХХІ ғасырдағы білім мекемелерінің алдында эстетикалық талғамы зор, қоршаған ортадағы сұлулықты түсіне және қадірлей білетін, жаңа қоғамға бейімделген, жан-жақты дамыған заманауи тұлғаны қалыптастыру мәселелері тұр. Жаңа ғасырдағы жаңа білім стандарттарына көшу барысында оқу жүйесі музей кеңістігімен байланысты тығыз орната бастады. Оқу орындары үшін музей қосымша білім қоры және жалпы пәндерді оқытуда қосымша ресурс ретінде танылды. Білім мен музей педагогикасының интеграциясы – әлемді тұтастай тануға мүмкіндік беретін құбылыс, бөліп-жарып қарауға болмайтын тұтас әлем. Музейдің білім ошақтарымен интеграциясының мақсаты – мектеп мұғалімдері және орта арнаулы, жоғары оқу орындарының ұстаздарымен бірлесе отырып, жастарды ұлттық, рухани, мәдени құндылықтарға баулу.
Мемлекеттік музей қоры каталогын жүргізудегі көрсеткіштер
ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 193 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогын жүргізу қағидаларын бекіту туралы жұмыс басталды. Қазіргі таңда мемлекеттік музей қорларының каталогын жүргізу Республикамызда жаңадан бой көтерген Ұлттық музей ғимаратындағы жауаты мамандардың көмегімен іске асырылуда.
Мектеп музейлеріне арналған семинар өтеді
Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы, Таврия ауылы, «Таврия орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Музей қызметін дамыту мәселелері мен жаңа әдістері» атты тақырыпта өңір аралық семинар өтеді, деп хабарлайды kazmuzeum.kz сайты ұйымдастырушыларға сілтеме жасап.
Реэкспозицияға байланысты Ақмола облыстық музейі жабылады
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі реэкспозиция жұмыстарына байланысты уақытша жабылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.