Байқау мақсаты - музей педагогикасы арқылы оқушыларды әлеуметтендіру және бірегейлігін қалыптастыру жолында жаңа тәсілдерді іздеу.
Байқау төрт номинация бойынша өткізіледі: «Тарихи музейлер»; «Табиғи-ғылыми музейлер»; «Кешенді өлкетану музейлері»; «Әдебиет музейлері».
Байқауға музей қызметінің келесі бағыттары туралы мәлімет ұсынылады: 1) Экспозициялық-көрме жұмысы. 2) Ғылыми-зерттеу жұмысы. 3) Ұйымдастырушылық-бұқаралық және ағартушылық жұмысы. 4) Музейдің жұмысын сипаттайтын басқа да көрсеткіштер.
Байқауға қатысу туралы өтінім 2018 жылдың 10 қазанына дейін қабылданады.
Байқау туралы қосымша мәліметті 8 701 218 76 56 (Тимур) нөмірі арқылы білуге болады.
Фото: Көрнекі сурет. 7kun.kz сайтынан алынды.