Анонс
Super User

Super User

Құнды дерек қолжетімді болуы керек

Бөлім:  Ашық алаң
Бейсенбі, 20 Желтоқсан 2018 00:59

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Архив - 2025»  жеті жылдық бағдарламасын  жасауды ұсынған болатын. «Тәуелсіздік жылдарында халқымыздың өткенін зерттеуге қатысты ауқымды жұмыстар атқарылды. Еліміздің тарихи жылнамасындағы ақтаңдақтарды қайта қалпына келтіруге жол ашқан «Мәдени мұра» бағдарламасы табысты іске асырылды. Бірақ, бабаларымыздың өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөніндегі көптеген деректі құжаттар, әлі де болса, ғылыми айналымға түскен жоқ. Олар әлемнің бүкіл архивтерінде өз іздеушісі мен зерттеушісін күтіп жатыр. Сондықтан, ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив - 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауымыз қажет деп санаймын», - деп жазды Нұрсұлтан Назарбаев мақаласында.  

Таймағамбетов Жәкен Қожахметұлы – ғалым-археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері.

Белгілі ғалым, археолог, ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Жәкен Қожахметұлы 65 жасқа толды. Осыған орай, ҚР Ұлттық музейінің ұжымы kazmuseum.kz сайты арқылы құттықтау жолдады.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің проректоры, музеолог-ғалым Ибраева Ақмарал Ғосманқызына ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы бұйрығымен мемлекеттік ғылыми стипендия берілді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің Ғылыми кітапханасында Ғылыми-әдістемелік жұмыстар бөлімі, Әдістеме және музейтану секторының ұйымдастыруымен Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Ұлы Даланың жеті қыры-ұрпаққа артар аманат» атты іс-шара өтті.

ХХ ғасырдың басына дейінгі кезеңде Ақмола облысының тарихы мен жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті мен шаруашылығы, қазақ ауылдарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы, этнографиялық ерекшеліктері, өлкеде әр түрлі кезеңдерде орын алған оқиғалардың тарихы, жер-су атауларының шығу төркіні жөніндегі мәселелер түбегейлі зерттелмеген болатын. Осы орайда Л.Семеновтың Ақмола уездік музейінің тарихи-өлкетану жұмыстарына қосқан үлесі зор. Музейдің алғашқы директоры өлкетанушы-ғалым Л.Ф.Семеновтың ұйымдастыруымен басталған Ақмола музейі экспедициясының нәтижелері өлке тарихы мен жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігі жөнінде көптеген мәліметтер жинақтауға негіз болды /3 сурет/.

Елорда тұрғындары мен қонақтары Астана аумағында жүргізілген  археологиялық қазба жұмыстарының қорытындыларымен таныса алады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан музейлерін ақпараттық-әдістемелік қолдауға арналған "Kazmuseum.kz" қоры Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі тағайындаған Үкіметтік сыйақыны иеленді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Орбұлақ шайқасына 375 жыл толуына орай «Бабалар ерлігі ізімен» атты тарихи - танымдық кездесу өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде «Мәдени мұраны сақтау және қалпына келтіру мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Медиа

JoomShaper