Тобылды қорымы Шет ауданы, Талды ауылынан 9 км, Қаражартас қорымы (немесе «Сарыарқа» пирамидасы) маңына жақын жерде орналасқан. Тобылды қорымына археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің «Сарыарқа археологиялық институтының» археологы Игорь Алексеевич Кукушкиннің жетекшілігімен жүргізіліп жатыр.
Қорымдағы археологиялық қазба жұмыстары барысында тас-қоршаудың ішінен қатар жерленген қос жылқының сүйектері және ауыздығы, найзаның тас ұшы, жебенің тас ұшы,қоладан жасалған найза ұшы, алтын жалатылған салпыншақ және көп мөлшерде керамикалық ыдыстар табылуда.
Жақын уақытта 4 мыңжыл бұрын жерленген қола дәуірі жауынгерінің жерлеу орны (қабірі) ашылады.