Көрмеге «Ұлытау» музей-қорығымен бірге «Сарайшық» музей қорығы және Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі, Жезқазған қаласындағы Сәтбаев музейінің қорларындағы Алтын Орда кезеңіне жататын кесенелердің безендендірілген кірпіштері, сол кезеңдегі тұлғалардың балауыз мүсіндері, Жошы хан кесенесінің құббасы, Сарайшық қаласынан табылған құмыралар мен ыдыс-аяқтар, ортағасырлық бірегей монеталар, сондай-ақ, тарихи қолжазбалардың көшірмелері, карталар мен картиналар, Жошы ұлысының тарихына қатысты кітаптар және т.б. құнды заттар қойылды.
Айта кетейік, қазіргі уақытта «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының аумағында Алтын Орда дәуіріне жататын 10-нан аса тарихи ескерткіш сақталған.
Көрмені 23 қарашаға дейін Астанадағы ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейінің залынан тамашалауға болады.