
Super User
ONLINE КУРС: 4-ЛЕКЦИЯ «Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін музейдің қолжетімділігі»
Назарларыңызға Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінің отандық музей қызметкерлері үшін өткізетін online тәртіптегі біліктілік арттыру курсының 4-видеолекциясын ұсынамыз.
2020 жылы Қазақстанда қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы, қазақ жазба әдебиеті мен әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының (1845-1904 жж.) туғанына 175 жыл толу мерейтойын мерекелеу қолға алынды.
Осындай айтулы іс-шара қарсаңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарық көрді. Мақалада мемлекет басшысы «Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды» - деп көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі басты руханият ордасы ретінде бұл іс-шараны қызу қолдап музейдің төрінен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арнап көрме залын жасақтады.
Музей педагогикасы – мәдени, ғылыми, ағарту салалары бойынша музейдің потенциалын, методологиясын іске асырушы қызметін атқарады. Ендеше, рухани асыл қазыналарымызды жинақтап, қастерлеп сақтаған құндылықтарын өскелең ұрпаққа насихаттай отырып, тарихи білім беру үшін– музейге алып келу керек. Өйткені, музей белгілі бір тұлғаны қоғамнан тыс мәдениет әлеміне кіргізіп, биігіне шығарады. Бүгінде біздің ұрпақ тәрбиесінде қалыптасқан білім жүйесіне музейлердің қосар үлесі зор.
«Рухани қазына» фестивалінің өтетін уақыты белгілі болды
Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Рухани қазына» ІІI-ші республикалық фестивалін өткізуді 2020 жылғы мамыр айынан 2020 жылғы қыркүйек айына ауыстырды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
«Асыл мұра» бағдарламасы: «Қазақ қолөнері» (ВИДЕО)
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі жергілікті «Qogam TV» телеарнасымен бірлесіп, «АСЫЛ МҰРА» тарихи-тағылымдық жобасының музей қорындағы ағаш жиһаздарға арналған бағдарламасын ұсынады.
Ақтоты Райымқұлова музей қызметкерлеріне құттықтау жолдады
ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова 18 мамыр – Музейлердің халықаралық күніне орай, еліміздің музей саласының мамандарын құттықтады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Музей экспонаттарын зерттеудің философиялық негіздері
Музей – мәдени дәстүрлер көрінісі, ғасырларды бір‑біріне жалғап тұрған тарихи естеліктердің ордасы. Ал осы сипаты мен мәнін ашатын рөл – көне жәдігерлер еншісінде. Жалпы, музейлердің межелеген мақсат‑міндеттері өзгерген жоқ, алайда жедел қарқынмен өз дамуын жалғастырып келе жатқан уақыт музейге келушілерге қызмет көрсету қызметін жаңаша қарқында дамытуды міндеттеуде. Бұл үшін музей экспонатын зерттеудің философиялық негіздерін саралап, тың ізденістерге ден қою орынды. Ол үдеріс экспонатты таныстырудан бастап, экспонат туралы мәліметтердің танымдық‑ақпараттық мазмұнын, тарихи құндылығы мен өзіндік ерекшелігін, бастау кезеңі мен бүгінгі өзгерістерін және тағы басқа аспектілерді қамтиды.
Шақан – ерте темір дәуірінде Қазақстан, Сібір, Алтай жалпы Еуразия континентін мекен еткен сақ тайпалары қолданған қарудың бірі. Соққы жасау мен түйреуге арналған суық қарудың бұл түрімен жауынгерлердің жақын қашықтықта айқасқаны белгілі.
ONLINE КУРС: 3-ЛЕКЦИЯ «Көркемөнер музейінде музей заттарын сақтау және тіркеу ерекшеліктері (3 бөлім)»
Назарларыңызға Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінің отандық музей қызметкерлері үшін өткізетін online тәртіптегі біліктілік арттыру курсының 3-видеолекциясын ұсынамыз.
ONLINE КУРС: 2-ЛЕКЦИЯ «Көркемөнер музейінде музей заттарын сақтау және тіркеу ерекшеліктері (2 бөлім)»
Назарларыңызға Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінің отандық музей қызметкерлері үшін өткізетін online тәртіптегі біліктілік арттыру курсының 2-видеолекциясын ұсынамыз.