Анонс


Атырау облыстық музейі күміс коллекциямен толықты (ФОТО)

Жұма, 24 Қаңтар 2020 12:58
Атырау облыстық музейі күміс коллекциямен толықты (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоры 2019 жылғы ізденістер нәтижесінде қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдарымен толықты, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қабылдаған дәстүрлі өнер туындысының саны - 121 дана. Жасалуы мен қолдануы ХІХ-ХХғ бас кезін қамтиды.

Қазақтың әшекей бұйымдары —халықтық қолданбалы өнеріміздің ғана емес, бүкіл ұлттық мәдениетіміздің асыл қазынасы. Зергерлер көбіне бағалы металдардың ішіндегі ең қолайлысы —күмісті пайдаланған.Күмістің тіл-көзден, түрлі сырқаттан сақтайтын, тартымды, сыйқырлы қасиеті бар деп сенген.

 

Топтамалар қатарындағы күмістен жасалған бұйымдардың ішіндегі стильдік жүйесімен дараланған құстұмсық жүзіктің тәрбиелік мәніне тоқталсақ:

Құстұмсық жүзік - қыздар тағатын сақинаның бір түрі. Оның рәміздік мәні - «құстай ерікті, өз еркі өзінде» яғни қыздың басы бос, деген ұғымды білдіреді. Тұрмысқа шыққаннан кейін, төркін жағы құстұмсық жүзікті қыздың киімдеріне қосып жіберетін болған. Қыздың інілері, сіңлілері жағдайын білуге келгенде, қыз жүзікті төркініне қайтарса, оның жағдайының жақсы болғаны. Қыздың анасы қуанып, құдағайына алғысын білдіріп, «қызыма өз қызындай қарайды екен» деп, ауыл - аймағын қонаққа шақырып, той жасап, жүзікті көрсеткен.

Сізді қызықтырған құнды жәдігерлердің тарихы туралы терең білгіңіз келсе, музейге келіңіз!», - делінген музей әкімшілігі таратқан ақпаратта.

 

 

Фотосуреттер музей қорынан.

3130 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper