«Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданының орталығындағы Абай атындағы мектеп-лицейінің ұжымы жаңадан ашылған Абайтану кабинеті мен ақын музейі арасындағы шығармашылық байланысты дамыту бағытында арнайы бейне-сабақ ұйымдастырды. Танымдық сабақ аясында Абай музейінің директоры Жандос Әубәкір мектеп оқушыларына Хакімнің өмірі, әдеби мұрасы және ақындық айналасы туралы мағлұматтар беріп, музей жұмысымен, құнды жәдігерлермен таныстырды. Алдағы уақытта елімізде жаңадан ашылып жатқан Абайтану кабинеттерімен танымдық бейне-сабақтар өткізу жұмыстары көзделіп отыр», - делінген музейдің фейсбуктегі ресми парақшасында.
Айта өтейік, қазіргі уақытта АҚШ, Еуропаның ірі музейлері де интернет ресурстардың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы дәрістер, ойындар, 3D турлар ұйымдастыруды бастап кетті.