Астана қаласы Суретшілер Одағының қылқалам шеберлері ұсынатын халқымыздың тарихы мен шежіресін, ұлттық болмысы мен құндылықтарын көркем бейнелермен әспеттейтін көрме «Қазағым - ұлы елім» деп аталады.
Айта өтейік, «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 2001 жылдың 8 қыркүйегінде ашылған болатын.
«Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің мақсаты - мәдени-құндылылықтардың, халықтың қол жетімділік тарихи-мәдени және рухани байлықтарын сақтап, Қазақстанның тарихи атамұрасын білуге, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының бүкіл табиғи зоналары мен экономикалақ жетістіктері мен мәдени байлықтарын сақтап және көбейту болып табылады. Атамекен танымды-көркемдік кешені сіздерді мемлекеттің тарихымен, онда тұратын халықтардың мәдениетімен танысуға мүмкіндік береді.
Көрме соңында «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінінің дамуы жолында белсенділік танытып, зор үлес қосқаны үшін қызметкерлерге және ақпараттық қолдау көрсеткендері үшін БАҚ-ға алғыс хаттар табыс етіледі.