Аталған көрмеде Ұлы жібек жолы – 1,5 мың жылдай сан алуан мәдени орталықтар мен құрлық өркениеттерін – Ежелгі Қытай территориясынан Батыс Еуропаның қиыр-шығысын тоғыстырған Еуразия мәдени кеңістігінің тарихындағы феномен екені белгілі. Ұлы жібек жолы арқылы адамзаттың ортақ мұрасына айналған әртүрлі бағыттағы сан алуан мәдени құндылықтар жеткізіліп, ілгері өрлей түсті. Ұлы жібек жолының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуде жол торабында орналасқан мемлекеттік құрылымдар үлкен рөл атқарды.
Көрменің негізгі мақсаты – келушілерді Орта Азияның ең маңызды саяси орталықтарының бірі – Бұхар әмірлігінің билік элитасының субмәдениетімен таныстыру. Билік элитасы көп еңбекті қажет ететін қымбат бұйымдардың негізгі тұтынушысы болды: салтанатты киімдер, ат-әбзелдері, зергерлік әшекейлер. Бұл заттардың маңызды бөлігі дипломатиялық сыйға арналған. Мұндай бірегей заттардың үлгілері кәсіби этнографтардың бүгінгі күнге дейін ұзақ әрі мақсатты түрде жүргізген жұмыстарының нәтижесінде сақталды. Көрменің заттық кешенінің байлығы және тұтастығы XIX ғасырдағы билік элитасы өкілдерінің өміріндегі әртүрлі көріністермен толық көлемде танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ экспозицияда сән-салтанат және киім, музыкалық аспаптар және исламдық ғибадат заттары, шерулік қару-жарақтар және ат жабдығы, аушы құстармен аң аулау көріністері ұсынылады.
Айта өтейік, Ресей Этнографиялық музейінің негізі 1902 жылы III Александр патшаның Орыс музейіндегі Этнографиялық бөлімі ретінде қаланды. Қазіргі таңда РЭМ – Еуразия халқының дәстүрлі ескерткіштерін зерттейтін және сақтайтын әлемдегі ең ірі этнографиялық музейлердің бірі. Музей жинағында зор ғылыми және эстетикалық құндылығы бар 500 000-нан астам жәдігерлер бар: ХVIII–XX ғасырлардағы тұрмыстық бұйымдар, негативтер, фотобасылымдар, суреттер, кескіндемелер. Бұл жерде Шығыс Еуропа, Кавказ, Сібір және Орталық Азия халықтарының этнографиялық материалдары орналасқан.
«Бұхар әмірлігіндегі билік элитасының мәдениеті» көрмесі 2014 ж. 31 қазанына дейін жалғасады.