Бүгінгі таңда халық арасында мәдениет және өнерге деген қоғам дамуындағы баға жетпес құндылығы бар рухани, мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал ретіндегі көзқарасы қалыптасты. Мемлекеттің бәсекеге қабілетті мәдени ділі мен заманауи мәдени кластерлерді жасақтау мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасымен министрлік Қазақстан Республикасының мәдени саясатының Тұжырымдамасын жасақтады.
Ведомство басшысы мемлекеттің мәдениет саласындағы негізгі бағыттарына тоқталып өтті. «Біз ҚР Президенті жанындағы Әдебиет және өнер бойынша Ұлттық кеңесі және Министрлік жанындағы Шығармашылық кеңестерін құру жұмыстарын жүргізудеміз. 2025 жылы виртуалды музейлер жүйесін қалыптастырамыз. Сонымен қатар кітапхананың рөлі артады, оның мәдени, білім беру және ақпараттық орталығы ретінде тұғыры көтеріледі. 2020 жылға дейін мемлекеттің кітапханалық қорын сандық форматқа кешенді ауыстыру жүзеге асырылады», - деді ол.
Еске сала кетсек, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауына түсініктеме беру республикалық ақпараттық топтың мүшелері 19 желтоқсанда Жамбыл облысына келген еді. Мақсат - Елбасы жаңа Жолдауында айшықтаған міндеттерді жүзеге асыру жолында қоғамды біріктіру бойынша кең ақпараттық жұмыс атқару.