Анонс


Еуропада микробтар музейі ашылды

Сейсенбі, 13 Қаңтар 2015 21:15
Еуропада микробтар музейі ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Нидерланды астанасы Амстердам қаласында жаңа жылдық мерекеде әлемдегі алғашқы микробтар музейі ашылды. Музей жәдігерлері көзге оңай көрінбейтін микроағзалардан тұрады, деп жазады ҚазАқпарат агенттігі. 

Вирустар мен бактериялар арнайы түтіктерде тіршілік етеді, оларды микроскоп арқылы ғана көруге болады. Бұдан басқа, кез келген келуші арнайы аппараттың көмегімен ағзадағы микробтардың санын біле алады.

Музейде жерде тіршілік ететін микрофлораның үштен бірі бар. Мамандар «экспонаттарды» салуға және орнатуға 10 млн. астам еуро жұмсалғанын айтты. Музей бірнеше залдан тұрады.

6540 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper