Музейге көне жәдігерлер, өте сирек кездесетін құжаттар, фотосуреттер мен тарихи деректер қойылған.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, музейден патшалық Ресей бодандығы, кеңестік кезең мен тәуелсіз Қазақстанның сот жүйесі туралы нақты және толық мәліметтерді алуға болады. Сонымен қатар, бұл музейде билер соты, олардың билік айтқан кезде пайдаланған құралдары мен киімдері бар.
"Облыстық сот құрылған кезден бастап, бүгінге дейінгі төрағалардың өмірдеректері, қолмен жазылған үкімдер, Ұлы Отан соғысы, еңбек ардагерлерінің орден, медальдары, мақтау, алғыс хаттары, жеке құжаттары, қызмет бабында пайдаланған көптеген жәдігерлері ешкімді де бейжай қалдырмасы анық", - делінген хабарламада.