Оның барлығы - шебердің қолынан шыққан бұйымдар. Асатаяқ, ширатқы, талқы, сыдырғы, жады, шоқпар секілді қазақтың тұрмыста қолданған құрал-жабдықтары мұражай төрінен орын алды. Мақсат - ұмыт болып бара жатқан ұлттық құндылықтарды жастарға насихаттау. «Әрі Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына тартуым», - дейді шебер.
Ақсақал көне ұлттық бұйымдардың қалай және қандай мақсатта жасалатыны жайында кітап та жазған. Жақында оны жарыққа шығарып, оқу құралы ретінде білім ордаларына ұсынбақ. Жалпы, қазір облыстағы тарихи-өлкетану музейінде барлығы 147 мыңнан астам жәдігер бар. Ал жыл басынан бері «Сүйікті қалама сый» шарасы аясында жергілікті тұрғындар қара шаңыраққа 200-ден астам жәдігер тапсырыпты. Кейінгі жылдары музейді тамашалап келетіндер саны да артқан, деп жазады 24.kz.