«Осы көрмеде Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығына арналған экспозициялар серияларын көрсетуді бастадық. Алғашқы көрмеде келушілер Бөкей ордасының негізін қалаған және оны басқарған Бөкей хан туралы құжаттарды көре алады. Ол Жайық мен Еділ өзендері арасындағы қазақ тайпалары мекендеген аумақты әлдеқайда кеңейтуімен тарихқа енді. Қазіргі кезге дейін көршілес Астрахань облысында кезінде Бөкей ханмен кеткен қазақтардың диаспорасы тұрады», - деді музей бөлімінің меңгерушісі Оксана Айтжанова.
Көрмеде Бөкей хан мөрінің көшірмесін, 19 ғасырдың жиһазын, Бөкей орда кездерінде айналымда болған металл және қағаздан жасалған ақшаны, ыдыс-аяқ пен өзге де тұрмыстық заттарды көруге болады.