Анонс


Облыс әкімі анасының домбырасын музейге сыйға тартты Таңдаулы

Бейсенбі, 09 Сәуір 2015 11:18
Облыс әкімі анасының домбырасын музейге сыйға тартты KAZMUSEUM.KZ -  

Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұxамбетов облыстық өлкетану музейіндегі Өңір мәдениеті мен әдебиетінің экспозициялық залының ашылуы кезінде  марқұм анасы Әсима Ізмұхамбетованың домбырасын табыстады. Бұл туралы облыс әкімдігінен хабарлады.  

Әсима Ізмұхамбетова Мақаш күйшінің «Байжұма», Мүсірәлінің «Ақжелең» т.б. күйлері (сол кісіден үйреніп) мен Құрманғазының «Қарт жігер», «Көк ала ат» күйлерін бүгінгі күнге жеткізген.

Сондай-ақ, әйгілі композитор  Илья Жақанов та өз домбырасын музейге тапсырды. Қазір музей қорында белгілі күйші-әншілердің 40-тан астам домбырасы сақталған.

Шара соңы сауапты істерге ұласып, белгілі қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетовтің анасы Ділда ханым бастаған бірнеше ақжаулықты аналар көшеттер отырғызды.

 

2390 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper