Анонс


Елбасы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» әдеби-мемориалдық музейін тамашалады Таңдаулы

Сәрсенбі, 08 Сәуір 2015 19:57
Елбасы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» әдеби-мемориалдық музейін тамашалады KAZMUSEUM.KZ -  

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысы мәдени және рухани мұраларға бай екенін, оларды сақтау мен дамыту мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті.
Айта өтейік, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы 1940 жылы құрылған.
20 мыңнан астам жәдігерлік сақталып отырған мекемеде 82 адам жұмыс істейді. Музей экспонаттары қатарында Абай дәуірін, оның қоғамдық қызметін сипаттайтын түпнұсқа құжаттар, этнографиялық және мұрағаттық материалдар, Шығыс классиктерінің сирек кітаптары, батыс философтарының шығармалары, ақын замандастарының естеліктері бар.

2107 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper