Анонс


Алматыда қазба жұмыстары кезінде үш бірегей жәдігер табылды

Сенбі, 11 Сәуір 2015 06:00
Алматыда қазба жұмыстары кезінде үш бірегей жәдігер табылды KAZMUSEUM.KZ -  

Алматыда қазба жұмыстары кезінде үш бірегей жәдігер табылды. Құнды жәдігерлерді Алатау ауданындағы «Көк қайнар» шағынауданында қазба жұмыстары кезінде Алматы тарихы музейінің экспедициясы анықтады. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Табылған заттардың бірі ойнап жатқан мысық баласының бейнесі сомдалған алтын мүсін екі пластиннен құралып, бір композицияға біріктірілген. Мүсін біздің жыл санауымызға дейінгі IV ғасырдағы бас киімнің магиялық композициясы болуы мүмкін.

Қазба кезінде сондай-ақ алтын пластинка табылды. Онда басын солға бұрып тұрған қыран құстың бейнесі зерленген. Ол біздің жыл санауымызға дейінгі IV ғасырда геральдикалық символ ретінде пайдаланылуы мүмкін.

№2 қорғаннан сабы бар қорғасыннан құйылған айна табылды. Ернеуі 2 см болатын қорғасын белдеумен қапталған. Диск пен белдеу балқытылып бекітілген. №1 қорғаннан табылған көне жәдігер біздің жыл санауымызға дейінгі ІІ ғасыр - біздің жыл санауымыздың ІІ ғасырында пайдаланымда болуы мүмкін.

Табылған археологиялық мұралар қала тарихы музейінде сақтаулы.

2577 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper