Шара барысында Қызылорда облысының мерекелік концерті қойылады.
Биыл, «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінде жаңа макеттер бой түзеген болатын. Жаңа макеттердің біздің кешенде орын алуына үлес қосқан Қызылорда облыстығы. Қызылорда облысынан әкімі Қырымбек Көшербаевтың қолдауымен 14 макет кешеннің көркіне үлес қосты.
Айта кетейік, Қызылорда облысы Қазақстандағы ең белді облыстың бірі. Себебі, мұнда көптеген мәдени мұраларымыз орналасқан. Соның бірі, «Байқоңыр» ғарыш айлағы, сонымен бірге, көптеген киелі мешіттер мен мавзолейлер орын алған. Енді осынау ғажап ескерткіштермен айрықша әсем көріністерді біздің кешеннен де тамашалай аласыздар.