Салтанатты шараға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы мен Астана қалалық мәслихатының хатшысы Сансызбай Есілов және мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.
Астана күніне орайластырған шараның алғашқы құттықтау сөзі Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлына берілді.
«Еліміздің бүкіл табиғи аймақтарымен таныстыратын ашық аспан астындағы бұл музейде сырға тұнған Сыр бойының да ең көрікті, киелі, тарихи орындары, атап айтсақ орта ғасырлық Сығанақ қалашығындағы мешіт, Қалжан ахун, Ғанибай мешіттері, Қорқыт ата мемориалды кешені, Солтүстік Арал теңізіндегі «Көкарал» су көтеру бөгеті, тағы да басқа қайталанбайтын нысандары Астана жұртшылығын, Елордаға келетін шетелдік қонақтарды кең байтақ мемлекетіміздің тарихымен, мәдениетімен бірге таныстырады. Төрткүл дүниенің назарын өзіне қаратып, дәуірлеп тұрған бұл нысан бар қазақтың атамекені, түп қазығы, өткені мен бүгіні десек те болады», - деді облыс әкімінің орынбасары.
Астана қаласы мәслихатының хатшысы С.Есілов «Атамекен» мемориалдық кешеніндегі Қызылорда облысы картасының ашылуымен құттықтап, кешен жұмысына сәттілік тіледі.
Жаңарған картада Қызылорда облысының бірқатар тарихи орындары мен сәулет ескерткіштері, мекемлердің ғимараттары бар. Ол жайлы мына фоторепортажымызда:
Қызылорда облысы әкімдігінің ғимараты.
Жанқожа батыр кесенесі.
Байқоңыр ғарыш айлағы.
Қалжан ахун мешіт-медресесі, ХІХ-ХХ ғ.ғ. (Сырдария ауданы).
Ғанибай мешіті, ХІХ ғ. (Қазалы ауданы).
Ортағасырлық Сығанақ қалашығындағы мешіт (Жаңақорған ауданы).
«Сыр ана» монументі (Қызылорда қаласы).
Тұрмағамбет Ізтілеуовке арналған кесене (Қармақшы ауданы).
Кешен қонақтарының макеттермен танысу сәті.
Жаңарған кешеннің ашылу салтанатында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қызылордалық жырауАлмас Алматов жиналған қауымға жырдан шашу шашты.