Қазіргі уақытта Солтүстік Арал маңының тас дәуірі ескерткіштеріне барлау жұмыстары мен Ақтөбе облысындағы шұңқырлы мәдениетіне жататын Құмсай обаларында қазба жұмыстары жүріп жатыр.
Барлау жұмыстары барысында Ақтөбе облысының Шалқар және Ырғыз аудандары территориясынан алғаш рет палеолиттік тұрақ-ұстаханалар табылды. Үлкен және Кіші Борсық құмдарында кельтеминар мәдениетіне жататын ескерткіштердің таралу жолдары анықталды. Археологтар мәлімдегендей, тас, палеолиттен энеолит дәуіріне дейінгі 40- тан аса ескерткіш ашылды.
Сондай-ақ, Ойыл өзені алқабында б.з.д. 3 мыңжылдықта орын тепкен шұңқырлы мәдениеттің өкілдері саналатын қорғандарға қазба жұмыстары жүргізілуде.
Мамандардың айтуынша, Арал-Каспий өңірінде ежелгі көші-қон мен мәдениет эволюциясын зерттеуде қазба жұмыстары барысында алынған құнды мәліметтердің маңызы зор.