Бұдан былай Ұлттық музей қызметкерлеріне «Тау-Кен Алтын» зауытында зертханалық мақсатта жұмыс істеуге мүмкіндік туып отыр. Сонымен қатар екі тарап алтын, күміс сияқты бағалы металдардан жасалған жәдігерлерді қайта қалпына келтіру, өңдеу, көшірмесін жасау сияқты жұмыстарды да бірлесе атқарады. Ұлттық музей өзіне тиесілі бағалы кәде сыйларды да осы зауытта жасап шығаруды да жоспарлап отыр.
Екі тараптың келісімге келгендегі басты мақсат – жалпы зияткерлік мұраны соның ішінде Ұлттық музейдің бірегей жәдігерлерін бірлесе қорғауға және оны болашақ ұрпаққа жеткізіп отыруға деген ұмтылыстан туған болатын.
«Тау-Кен Алтын» аффинаж зауыты 2013 жылы Астана қаласында пайдалануға берілген болатын.